Көкшетау қ. Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ювеналдық полиция инспекторларымен бірлесіп, С. Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің оқушылары үшін профилактикалық сабақ өткізді.
18.04.2026
Кездесу барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелері еске салынды, жолдағы қауіпсіз мінез-құлық талаптары түсіндірілді, сондай-ақ, жолды кесіп өту кезінде және көлік құралдарының жанында сақтық шараларын сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Сабақ соңында полиция қызметкерлері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, жол қозғалысы ережелерін сақтау әрбір қатысушының қауіпсіздігінің кепілі екенін атап өтті.
Просмотров: 36