21.04.2026
Сабақ тақырыбы: “Writing: giving advice (an email)” (Кеңес беру тақырыбында хат жазу).
Сабақ барысында оқушылар буллинг мәселесін талқылап, берілген жағдаят бойынша кеңес беру дағдыларын дамытты. Оқушылар “I’m sorry to hear…”, “You should…”, “You shouldn’t…”, “The best thing you can do…” сияқты құрылымдарды қолдана отырып, кеңес беру мазмұнында хат жазуды үйренді.
Топтық жұмыстар арқылы оқушылар өз ойларын ағылшын тілінде жеткізіп, сабақ оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға және буллингтің алдын алуға бағытталды.
Сабақ мақсатына толық қол жеткізілді.
Пән мұғалімі: Ерешова А.К