21.04.2026
Ұлттық кітап күніне орай кітапханашы мен мектеп ұйымдастырушысы бірлесіп 6 сыныптар арасында "Кітап әлеміне саяхат" атты қызықты квест ойынын өткізді. Ойын барысында LED-экран арқылы тапсырмалар ұсынылды, балалар бекеттермен танысты, 5 бекет 5 түрлі локацияда болды. Оқушылар ойынға бір команда болып өте белсенді қатысып, логикалық сұрақтарға жауап берді, жұмбақтарды шешті, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Ойын соңында 6 «А» сынып оқушысы Әділбек Рауан, 6 «Ә» сынып оқушысы Бақытжан Айару, 6 «Б» сынып оқушысы Ахмет Даниал, 6 «В» сынып оқушысы Кенжебек Алтынбек, 6 «Г» сынып оқушысы Абдрахманов Дархан қазына сандықтан сыйлықтар алып және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары У.Е.Кайыржанов оқушыларды алғыс хаттармен марапаттады. Ойын ерекше әрі көңілді өтті.
Өткізген жауаптылар: Асем Абылайқызы, Мақпал Балтабайқызы.