«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі ұйымдастыруымен 2026 жылғы 17–20 ақпан аралығында №3 мектеп-гимназиясы және техникалық мектеп-лицейі базасында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің VIII республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті.

25.02.2026

Байқауға жалпы орта білім беру ұйымдарынан 12 жас маман қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктері мен шығармашылық әлеуеттерін көрсетті.
Байқау 3 турдан тұрды:
• «Шығармашылық жолдың бастамасы» – өзін-өзі таныстыру;
• «Заманауи сабақ» – бейтаныс сыныпта сабақ өткізу;
• «Адал азамат» – біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асырудағы педагогикалық тәжірибе таныстырылымы.
Байқау қорытындысы бойынша:
ағылшын тілі пәні мұғалімі Шортаева Диана Амангельдиновна II орынға ие болды. Құттықтаймыз!

Просмотров: 145

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу