Текст
Бұл шараның басты мақсаты – әке мен ағаның бала өміріндегі орны мен тәрбиедегі рөлін дәріптеу.
Сайыс барысында қатысушылар таныстыру кезеңінен өтіп, өнерлерін көрсетіп, шығармашылық жұмыстарымен бөлісті. Әкелер мен ағалардың белсенділігі, балаларына деген қолдауы мен қамқорлығы көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Осындай жанашыр әкелер мен қамқор ағалар барда, балаларымыздың болашағы жарқын боларына сенеміз!
Қатысқан барлық 3 "Ә", 3 "В", 3 "Г", 3 "Д" сыныптардың отбасыларына алғыс білдіреміз!
Өткізгендер: Увалиева М.К., Мукушева А.Р.