«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Жол қозғалысы мәдениеті – балалар қауіпсіздігінің кепілі» «Заң және Тәртіп», «Қазақстан балалары» тұжырымдамаларын іске асыру шеңберінде 5-сынып оқушыларымен жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру және жасөспірімдердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды

19.02.2026

. Кездесуге Көкшетау қаласы ПБ ППБ қызметінің аға инспекторы, полиция капитаны Қойбағар Әділхан Мұратұлы қатысып, оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жолда қауіпсіз жүріп-тұру дағдылары және жаяу жүргіншілердің құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, мектеп инспекторы Нысанбай Ескендір Бекболатұлы сөз сөйлеп, балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, мектеп аумағында және қоғамдық орындарда тәртіп сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға жол белгілерінің мәні, қауіпсіздік талаптары және жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді. Кездесу интерактивті форматта өтіп, оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты әрі пайдалы жауаптар алды.

Просмотров: 64

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу