АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әжелер даналығы» атты кездесу

11.02.2026

«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ​мектебімізде 2 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Әжелер даналығы» атты ерекше жылылыққа толы кездесу өтті.
​Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру;
​Үлкенді сыйлауға, әжелердің өсиетін тыңдауға тәрбиелеу; салт-дәстүріміз бен қолөнерімізді дәріптеу.
Кездесу барысында кішкентай бүлдіршіндеріміз әжелерге арнап жүрекжарды тақпақтарын айтып, күміс көмей әндерін шырқады. Ал ақ жаулықты әжелеріміз өз кезегінде өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ұлағатты даналық сөздерін айтты.
Әжелеріміз тек сөзге шешен емес, сонымен қатар шебер екенін де көрсетті! Олар өз қолдарымен жасаған ұлттық бұйымдарын таныстырып, әр жұмыстың жасалу тарихы мен мәніне тоқталды. Бұл балалар үшін нағыз «тірі тарих» сабағы болды.
«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» демекші, әжелеріміздің әрбір сөзі — балалар үшін үлкен тәрбие мектебі. Осындай кездесулер жас ұрпақтың бойында өз еліне, дәстүріне деген мақтаныш сезімін оятады.
​Өткізген сынып жетекшісі: Оспанова Р.Н.

Просмотров: 1

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст