«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1 желтоқсан күні мектебімізде «BioChemGeo TechFest: Ғылым мен инновация дәуірі» тақырыбындағы химия, биология және география пәндерінің онкүндігі салтанатты түрде ашылды.

01.12.2025

Бұл онкүндіктің негізгі мақсаты – сіздерді жаратылыстану ғылымдарының тылсым әлеміне енгізу, химия, биология және география пәндері бойынша білімдеріңізді тереңдету, алған біліміңізді өмірде қолдана білуге үйрету. Онкүндік аясында қызықты шаралар, ашық сабақтар, «Білім көрмелері», тәжірибелік алаңдар, танымдық ойындар және спорттық сайыстар ұйымдастырылады.
Онкүндіктің міндеттері:
Теориялық білімді тәжірибеде қолдануға үйрету;
Пәнге байланысты танымдық іс-шаралар өткізу;
Ғылымға деген қызығушылықты арттыру және ғылыми ізденіске баулу.
Баршаңызды «BioChemGeo TechFest» онкүндігіне белсенді қатысуға шақырамыз!
Өз біліміңді шыңдап, жаңа ғылыми жаңалықтарды бірге ашайық!

Просмотров: 99

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу