«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2025 жылғы 11–12 қараша аралығында Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша «Физика, космос» секциясына қатысқан 3 «В» сынып оқушылары Берікқызы Назерке және Досан Сабира ІI орынға ие болды
12.11.2025
Зерттеу жұмысының тақырыбы «Екі түрлі жолмен электр энергиясын өндіретін қондырғы». Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Капарова Айнагул Нуртаевна.Құттықтаймыз!