Текст
29.09.2025
Бұл шараның мақсаты - әр балаға тәлім мен
тәрбие, өнеге берген, оның тұлғалық қалыптасуына үлес қосқан ұстазға алғыс пен
құрмет көрсету.
Осы игі бастаманы Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейі «Ұстазыңды құттықта!» челленджін №13 «ЭКОС»мектеп гимназиясынан қабыл алып, Көкшетау қаласындағы Техникалық лицейге жолдаймыз!
Жан дүниені нұрға бөлеп, білім нәрімен сусындатқан ұстазға қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Ұлағатты ұстаздарымызға мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, еңбектерінің жемісін көруді тілейміз.
Ұстаздар күні құтты болсын!