Текст
12.09.2025
2025 жылы 16 наурыз айында “Шаңырақтың көркі - ұрпақта” атты теле бағдарламасына отбасымен қатысып, түскен болатын! Бүгін 12.09.2025 ж сол бағдарламаның нәтижесінің қорытындысы бойынша Отбасы мерекесіне орай Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Қ.Шақшақовтың Алғыс хатымен және “Азамат тәрбиелеген отбасы” атты номинациясын Смағұл Еслямбек Қайыржанұлының отбасы ие болып, арнайы сыйлық және Алғыс хатпен марапаталды! Әріптесіміз Ұлан Еслямбекұлының отбасына ұрпаққа ұлағат, өнеге мен өмірлік бағыт беріп отырған алтын ұя - шаңырағыңыз әрдайым шаттық пен шуаққа толы болсын - деп тілей отыра, барлық Қазақ елін Отбасы мерекесі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!!!