Мемлекет басшысының отбасылық құндылықтарды нығайту, білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын күшейту бойынша профилактикалық жұмысты күшейту туралы тапсырмаларын орындау, сондай-ақ, «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы бойынша Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өту шеңберінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы – Камбаров Қайрат Тельманұлы, «Әкелер іс жүзінде» қорының жетекшісі, «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Республикалық кеңестің мүшесі – Мұхамбетқалиев Данияр Қанапияұлы, «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ Президенті, «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Республикалық кеңестің мүшесі- Үлжекова Нұргүл Төленқызы Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейіне қонақ болып келді.
29.05.2025
Оқушыларымыз буллингке және зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы қойылым көрсетіп, қоғамдағы маңызды мәселелерге үн қосты. Сондай-ақ, мектебіміздегі «Даналық мектебінің» жұмысы таныстырылып, жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңыздылығы көрсетілді.
Просмотров: 1571