2025 жылдың 23 мамырында мектебімізде 11-сынып түлектеріне арналған «Мектебім саған мың алғыс» атты салтанатты іс-шара өтті.

26.05.2025

Бұл ерекше шараға мектеп басшылығы, ұстаздар қауымы, оқушылар және ата-аналар қатысты.
Саптүзеуімізге құрметті қонақтарымыз – Магавина Айгүл Сағынбаевна мен Муратова Аяжан Нұрғазиевна арнайы қатысып, өздерінің ақ тілектерін білдіріп, кештің көркін аша түсті.
Іс-шара барысында мектеп қабырғасымен қоштасып жатқан түлектер жүрекжарды сөздерін айтып, ұстаздарына, ата-аналарына алғыстарын жеткізді. Ал бірінші сынып оқушылары арнау тақпақтарын оқып, шараның сәнін келтірді.
Іс-шара соңында дәстүр бойынша қоңырау соғылып, мектеппен қоштасу сәті ерекше толқынысқа толы болды.
Бұл шара түлектердің есінде мәңгі сақталары сөзсіз. Оларға алдағы өмір жолында сәттілік пен биік белестерді бағындыруды тілейміз!

Просмотров: 914

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу