АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КӨРІСУ КҮНІ – ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІК МЕРЕКЕСІ!

17.03.2025

14 наурыз мектебімізде көктемнің шуақты мерекелерінің бірі – Көрісу күні ерекше көңіл күймен аталып өтті! Бұл күн тек амандасу ғана емес, бауырмалдық пен татулықты дәріптейтін, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін күн.
Мерекеге арнайы №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясы қонаққа келді. Дәстүрімізге сай ақ дастархан жайылып, дәм тарту ұсынылды. Қонақтарымызды жылы қарсы алып, ізгі тілектер айтылды.
Кейін мектеп ұжымы мен оқушылары сыныптарды аралап, жарапазан айтып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді.

Көрісу – өткенге салауат айтып, жаңа күнге жақсы көңіл-күймен қадам басу. Ата-бабаларымыз бұл күнді асыға күтіп, ерекше ықыласпен бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық тілескен. Біз де осы дәстүрді жаңғыртып, ұмыт қалдырмай, келер ұрпаққа жеткізуіміз керек.
Ұлыс оң, ақ мол болсын! Көрісу күні құтты болсын!

Просмотров: 85

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст