АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жапырақ-тамырдан нәр алады!» атты тақырыбында ата-аналарымен жиналыс

                        Сәуірдің 8- күні  С.Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейі шаңырағында 4 Ә, 4 Г сынып оқушыларының  «Жапырақ-тамырдан нәр алады!» атты тақырыбында   ата-аналарымен  жиналыс болып өтті.

                 Алдымен сынып жетекшісі А.Р.Мукушева, М.Қ.Увалиева  сынып оқушыларыың тоқсандық бағалары мен оқу үлгерімі, тәртіптері  жайында айта кетті.

            Жиналыс барысында ата-аналармен «Жапырақ-тамырдан нәр алады!» атты тақырыпта әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізіліп, ата-аналар үшін  ойын  барысында балаларына деген ыстық ықыластары мен махаббаттарын  көпшілік алдында білдіру  жаттығуы-жүректеріне жылы тиді. Балаларының ата-аналарына арналған  ашық хаттары да ата-аналарының жүректерінен орын тапты. Бұрын соңды мұндай мүмкіншілік тумағандықтарын айтып, кейбір ата-аналарымыз көздеріне жас та алды.

Бұл тренингтің  ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, өз-өздеріне деген сенімдерін нығайтуға жақсы себепкер болатындығына көзіміз жетті. Ата-аналар тренингтің есте қалатын жерлері, өздеріне ашылған жаңалықтары  болғандарын, әсер еткен жерлерінің де аз еместігін тілге тиек етті.Тренинг соңында белсенді араласқан ата-аналар аталып өтіп, қатысушыларымыздың орындауында  «Анашым » әнімен аяқталды.

 

 

Мектеп педагог- психологы: Самбаева Д.А.

Жаңартылған күні: 17.04.2019 16:24
Құрылған күні: 17.04.2019 17:02

Текст