"Оқуға құштар мектеп" жобасы.

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп оқушыларын Сәкен Жүнісовтің шығармаларын оқуға баулу мақсатында 15 минуттық "Сынып болып оқу" іс-шарасы қолға алынды. 
Амрина А. Б. жетекшілігімен 9 "ә" сыныбы оқушылары С. Жүнісовтің "Жапандағы жалғыз үй" романын оқып талдау жасады. Талдау барысында оқушылар оқыған шығарма бойынша өз ойларымен бөлісті. "Сынып болып оқу" іс-шарасы жалғасуда.