“Балдырған” жазғы лагерьдегі көңілді күндердің бірі “Әуенді тап” сайысына арналды.

16.06.2025

Бұл шара балалардың музыкалық есту қабілетін, зейінін және тапқырлығын дамытуға бағытталды.
Сайыс барысында түрлі танымал әндер қосылып, балалар әннің атауын, орындаушысын табуға тырысты. Кейбір кезеңдерде балалар әнді жалғастырып айтып, би қимылдарын да көрсетті.
 Шара өте қызықты, көңілді өтті. Балалар белсенділік танытып, музыка арқылы көңіл көтеріп, есте қаларлық сәттермен бөлісті. Сайыс соңында жеңімпаз топтар марапатталды.

/public/files/2025/6/16/160625_102927_baldyran-ghazy-lagerydeg-kld-knderd-br-uend-tap-sayysyna-arnaldy-bl-sh.mp4
 



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу