АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дұрыс тамақтану» күніне арналған онкүндік

           Онкүндік барысында оқушылардың дұрыс тамақтануы туралы төмендегідей  іс-шаралар өткізілді:

           Бастауыш сынып оқушыларымен сынып жетекшілері «Дұрыс тамақтану құпиясы», «Дәрумендер біздің досымыз» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарының мақсаты адамға зияны бар тағамдармен таныстыру; өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды. Сабақ барысында оқушылармен диалог өткізілді. Чипсы өнімдері, газдалған сусындар құрамындағы зиянды заттарды, оларға  жүргізілген зерттеулер көрсетілді. Сонымен қатар, дәруменмен дос болуға шақыратын ойындар өткізілді. Балалардың жарнамалардағы заттарға еліктемеулері туралы айтылды. Оқушылар сабақ барысындағы түсінген ақпараттарын ортаға салды.

          2 «Д» және 3 «Д» сынып оқушыларымен Сагинова Г.Ж., Адильбекова Г.Ж. «Дәрумендер-денсаулық кепілі» тақырыбына ойын сабағын өткізді. Оқушыларға дәрумендердің ағзадағы рөлі және дәрумендер жетіспеуінен болатын аурулар, көкөністердің пайдасы туралы білімдерін жетілдіру мақсатында өткізілді. Сабақ барысында көкөністер айтысынан көріністер көрсетіліп, әр көкөністің пайдасы баяндалды.

             Мектеп медбикесі Муканова Ақмарал Амангелдіқызы  «Дұрыс тамақ ішерсің- қуат алып  жүрерсің  үрерсің»  тақырыбына ақпараттық қабырға ұйымдастырылды.

          5 сынып оқушыларымен  «Фасфуд» тақырыбына  Садвакасова К.М. дәріс сабағын  өткізді. Дәріс  барысында «Тез әзірленетін  тағамдар  зияны», «Фасфуд тамақтарының  денсаулыққа  әсері», «Фасфуд  өнімдерінің балаларға әсері», «Тұтынушыларға  кеңес» т.б. слайдтаркөрсетіліп, көптеген ақпараттар берілді.  Сонымен қатар,  Жоғарыда  айтылған шаурма, донер-кебабтарға  қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри,  қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температура дадайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ  күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің  толуы, ұйқы  безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр  аурулары, семіздік пайда  болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте  зиян  екені анықталғаны  туралы деректерден   үзінділер  көрсетілді.

   

   

Жаңартылған күні: 04.12.2019 14:56
Құрылған күні: 14.01.2022 17:25

Текст