Мектеп жанындағы жазғы лагерь демалушыларынан «Өмірдегі қауіпсіздік пен көмек» тақырыбында өмір қауіпсіздігі ережелері бойынша сауалнама алынды.
16.06.2025
Сауалнамада жолда жүру ережелері, су қоймаларындағы қауіпсіздік, табиғат аясында демалу кезіндегі жеке басы қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және бөтен адамдармен қауіпсіз қарым- қатынас жасай білу ережелері бойынша сұрақтар мен тест тапсырмалары қамтылды. Сауалнама барысында балалар жеке басының өмірін сақтау ережелерін жақсы білетіні анықталды. Сауалнаманың соңында сергіту сәті өткізілді.