«Отбасы тәрбиесі-өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

         2019 жылғы 15 мамыр күні мектебімізде Халықаралық  Отбасы күні мерекесіне орай «Отбасы тәрбиесі-өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыс мақсаты: отбасы тәрбие мәселелерін талқылауға ата-аналарды қатыстыру, олардың жауапкершілігін және балаларды тәрбиелеудегі рөлін арттыру. Жиналыс барысында бейнероликтер көрсетілді.

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру- тәрбие негізі;

2. Ата-аналар мен мектептің өзара қимылын күшейтудегі отбасылық құндылықтар;

3. 9,10,11 сынып білім алушыларының сыныптан сыныпқа көшу және қортынды аттестаттау Ережесімен таныстыру;

4. «Көңілді жаз-2019» оқушылардың жазғы демалыспен қамтылуы.


Ата-аналар жиналысына қалалық білім бөлімінің әдіскері Жакупова Дияна Сайлаубекқызы, мектеп оқушыларының ата-аналары, қамқоршылық кеңесінің өкілдері қатысты.